Астанада өзгенің мүлкін қасақана бүлдіргендерге 1,3 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін, 10:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен бірге вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 20 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 13 адам қамаққа алынды, 7 адамға жалпы сомасы 1,3 млн. теңге айыппұл салынды.

Мысалы, астаналық тұрғын ағымдағы жылдың 14 ақпанында бала арбасын қасақана зақымдағаны үшін сотпен 20 тәулікке қамаққа алынып, ол өз әрекетімен 30 мың теңгеге шығын келтірді.

Басқа жағдайда 44 жастағы ер адам мас күйінде кафе есігінің әйнегін сындырған. Ол 5 тәулікке қамаққа алынды.

Ұқсас жағдай 11 қаңтарда астаналық 21 жастағы азаматша «Toyota»автокөлігінің алдыңғы есігін қасақана зақымдаған. Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай заңсыз әрекеттері үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылатынын ескертеді.

Тэгтер:

Айыппұл мүлік бүлдіру зақымдау