ҰҚК елге 60 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізбек болғандарды ұстады

Бүгін, 10:22 / Інжу Әлихан
ҰҚК

19 ақпанда «Сыпатай батыр» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі ел аумағына 150 мың қорапта акцизсіз темекі әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰҚК мәліметінше, ұсталған тауардың алдын ала құны 60 млн теңгені құрайды. Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының жасырын орнында жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген.

Аталған фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға берілді.