Щучинсктегі жарылыс: жаңа мәліметтер белгілі болды

Бүгін, 08:42 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Амренова Щучинскідегі кафеде болған өрттен зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша, Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түскен. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізіліп жатыр. 

«Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», деді облыс әкімінің орынбасары.

Ақмола облысы ТЖД ақпаратына сәйкес, бес зардап шегуші санитарлық авиациямен Көкшетау қаласына жеткізіліп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Тағы екі науқас тасымалдауға дайындалып жатыр. Барлық зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.