Қазақстанда жаңа футбол клубы ресми түрде таныстырылды

Бүгін, 22:25 / Өтей Торғайұлы

Арыс қаласында толықтай жеке кәсіпкердің және демеушілердің қаражаты есебінен жаңа кәсіби футбол клубы құрылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңадан құрылған «Арыс КФК» (Кәсіби футбол клубы) ЖШС-нің құрылтайшысы - кәсіпкер Арман Пірманов.

Клуб құрылтайшысының айтуынша, команданың материалдық-техникалық базасын нығайту, футболшылардың еңбекақысы, оқу-жаттығу жиындары мен іссапар шығындарын қоса алғанда, барлық қаржылық міндеттемелер толықтай жеке кәсіпкер мен демеушілер есебінен қамтамасыз етіледі. 

«Арыс КФК» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Қазақстан Республикасы Футбол федерациясының I лигасында өнер көрсетеді. Команда жалпы саны 22 ойын өткізіп, оның 11 кездесуін Арыс қаласындағы Орталық стадионда өткізеді, ал қалған 11 ойын сырт алаңдарда жоспарланған.

Айта кетейік, 2025 жылғы футбол маусымы аяқталғаннан кейін, «Арыс» футбол клубы ресми түрде жабылып, таратылған болатын. Ал, жаңадан құрылған «Арыс КФК» ЖШС — бұрынғы ұйыммен құқықтық байланысы жоқ, толықтай жеке кәсіпкердің қаражатымен жұмыс істейтін дербес кәсіби клуб.
 

Тэгтер:

Футбол клуб Арыс КФК