Алматы мемлекеттік табиғи қорығында аландар камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

26 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы
Фото: Pixabay.com

Алматы қорығының ірі шатқалдарына орнатылған фототұзақтарға қар барысының аландары түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер. Аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді", - деп жазды қорықтың баспасөз қызметі ресми парақшасында.

Айта кетейік, ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Оның аландарымен бірге фототұзаққа түсуі – қорық аумағында жабайы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді

Тэгтер:

Алматы табиғи қорық Алан