Алматылық суретші Assolya (Ассель Сабыжанқызы) TikTok ұсынатын The Discover List 2026 жаһандық тізіміне енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Qazaqstan.tv арнасының мәліметінше, аталған жоба әлемнің 50 креаторын біріктіреді. Суретші Innovators санатында ұсынылып, ұлттық кодқа негізделген шығармашылығы арқылы халықаралық деңгейде мойындалды.
Ол дәстүрлі қазақ кілемдерін заманауи арт-объектілерге айналдырып, елімізде визуалды өнердің дамуына үлес қосып келеді.