Шымкентте дәрігерлер шала туған нәрестенің көру қабілетін сақтап қалды

Бүгін, 15:58 / Інжу Әлихан
Скриншот

Шымкенттік дәрігерлер шала туған нәрестенің көру қабілетін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәресте 790 грамм салмақпен дүниеге келген. Кешенді тексеру нәтижесінде оған күрделі диагноздар қойылды.

Дәрігерлер көздегі патологияны дер кезінде анықтап, қажет ем жасады. Ем көрсетілмеген жағдайда сәбиде көру қабілетінің жоғалу қаупі жоғары болар еді, дейді дәрігерлер. Қазір сәбидің жағдайы тұрақты.