Алматы қорығында қар барысының күшіктері фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін, 15:07 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қар барысының күшіктері фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбада қар барысының күшіктері қорықтағы ірі шатқалдардың бірінде бір-бірімен ойнап жүргені көрінеді.

— Бұл сирек кадрлар — жабайы табиғаттың құпия тіршілігін айқындайтын ерекше сәттер. Барыс күшіктері бір-бірімен алаңсыз ойнап, аналарының қимылын қайталап, аң аулауға қажетті дағдыларды меңгеруде. Осылайша олар табиғи ортада өз бетінше өмір сүруге біртіндеп дайындалады, — деп хабарлады қорық өкілдері.

Қар барысы, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және сирек әрі жойылып бара жатқан жыртқыштардың қатарына жатады. Оның фототұзаққа күшіктерімен бірге түсуі қорықтағы табиғи ортаның сақталғанын және жабайы жануарлардың мекендеуі үшін қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді.

Тэгтер:

қар барысы жыртқыш табиғи парк қорық