1 млн теңге айыппұлы бар азаматтың көлігі тәркіленді

Бүгін, 14:17 / Алуа Арман
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметкерлері "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ірі көлемдегі берешегі бар азаматты анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – берешегі бар тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру.

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралын тексеру кезінде 1 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізушіні анықтады.

Тексеру нәтижесінде азаматтың уақтылы төленбеген әкімшілік айыппұлдары бары белгілі болды.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарды айыппұлдар мен өзге де берешектерді заңда белгіленген мерзімде өтеуге шақырады. Берешекті уақытылы төлемеу көлік құралын айып тұрағына қоюға, сондай-ақ қосымша қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

Тэгтер:

Айыппұл Полиция көлік жүргізуші Батыс Қазақстан рейд