БҚО-да екі бауырын құтқарып қалған 9 жастағы бала марапатталды

Бүгін, 09:21 / Інжу Әлихан
Сырым ауданының қоғамдық-саяси газеті

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында тоғыз жасар бала жанып жатқан үйдің ішінен екі інісін алып шығып, олардың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz Сырым ауданының қоғамдық-саяси газетіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 ақпан күні сағат 10:11-де тіркелген. Сырым аудандық №14 өрт сөндіру бекетіне Аралтөбе ауылы Базарбаев көшесі, №8 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Бекет бастығы, азаматтық қорғау капитаны Самат Аблаевтың мәліметінше, жеке құрам мен өрт сөндіру техникасы оқиға орнына сағат 10:48-де жеткен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жиырма минут ішінде ауыздықтады.

«Үй іші көк түтін болып кетті. Бәрі жанып жатты. Інілерім тұншығып қалар деп алаңдадым. Сосын сыртқа алып шықтым. Анама хабарласып, үйдің өртеніп жатқанын айттым», - деп еске алады ⁠Бейбарыс.

Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов өрттен зардап шеккен әулетке қажетті көмек көрсетілетінін айтты