Алматы мен Жамбыл облысында жол жабылды

Бүгін, 09:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ауа-райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 26 ақпан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Алматы облысы

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 955-1121 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы — Күрті ауылы).

Жамбыл облысы

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 893-955 шақырым аралығы (Бұрылбайтал ауылы — Алматы облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы автожол тасжол қыс трасса жол жабылды