Шетелде жүрген қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өміріндегі өзгерістер жайлы баянады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жақында Америка құрама штаттарына аттанған болатын. Бұл жолы ол сол сапары жайында айтқан.
"Жеңіл көрінгеннің бәрі - еңбектің нәтижесі. АҚШ-қа жұмыспен келу - бақ. Санамда тықылдап тұратын сигнал: ешкімге тәуелді болмай өмір сүру. "Мен - әйелмен", "маған міндетті" деген сөзді алып тастаған соң, үлкен жолдар ашылды! Оның үстіне күтетін, сұрайтын адам болмаған соң да, жолдарды ашты ғой деймін", - деп жазды актриса.
Мұны оқыған желі қолданушылары оның батылдығына тәнті болған.
"Жарайсыз, Дариға ханым! Биік белестерді бағындырыңыз!", "Өй, айналайын, бәрі өз еңбегің", "Мықтысыз! Мықты денсаулық тілеймін! Алла берекеңізді еселей берсін, бағыңыз бес елі болсын!" деп жазды көпшілік.