Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл Асқар Жұмаділдаевқа көлік сыйлады

Бүгін, 17:30 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұл математик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толуына орай қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Сырымбек Тау желідегі парақшасында жазып, мәлім етті. 

«Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев ағамызға тосын сый!

Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұл ағамыз ерекше тосын-сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді.

Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз!», - деп жазды С. Тау.