Барлыбай Садықов тағы бір қызметке тағайындалды

Бүгін, 16:07 / Алуа Арман
Ғаламтор

Қазақстанның Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

елші Кения Руанда Барлыбай Садықов Барлыбай Кәрімұлы