Мемлекет басшысы ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоровды марапаттау рәсімінде Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті ұлттық құрама мүшелеріне жан-жақты қолдауға тиіс екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар бірлесе жұмыс атқарып, құрама мүшелерін жан-жақты қолдауға тиіс. 2029 жылы Алматы қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарына ерекше назар аудару қажет. Ойындар ең жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Бұл – Қазақстандағы спорттың дамуына тың серпін беріп, экономика мен туризм салаларына оң ықпал ететін өте маңызды іс-шара, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.