Bill Gates өз қоры қызметкерлерінің алдында сөйлеген кезде өткен өміріндегі кейбір шешімдерін «үлкен қателік» деп атағаны туралы The Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Басылым келтірген дерекке сәйкес, ол сотталған қаржыгер Эпштейнмен араласқаны қате шешім болғанын мойындаған. Сондай-ақ әйелінің көзіне шөп салғанын да жасырмаған.
Газет мәліметінше, Гейтс жиналыста: «Мен заңға қайшы ештеңе жасаған жоқпын… Эпштейнмен араласу – үлкен қателік болды… Некесіз қарым-қатынастарым болды, соның ішінде Ресейден шыққан бридж ойыншысымен және жұмыс барысында танысқан ресейлік ядролық физик әйелмен қарым-қатынаста болдым», – деген.
Ол бұл әйелдердің Эпштейн ісіндегі жәбірленушілерге қатысы жоқ екенін атап өтіп, өзін оның қылмыстарына еш қатысым жоқ деп мәлімдеген. Сонымен бірге Эпштейннің айналасындағы әйелдермен ешқашан уақыт өткізбегенін айтқан.
Қаңтар айының соңында АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн ісіне қатысты ауқымды құжаттар пакетін жариялаған. Онда түрлі жеке хат алмасулар да бар. Алайда ондағы мәлімдемелер ресми айыптау үкімі емес.