Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 09:31 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.