«Арманымыз еді»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай бірге алыс сапарға аттанды

Бүгін, 08:26 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай әлеуметтік желіде алыс сапарға бірге шыққандарын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иелері бұл туралы Instagram желісіндегі парақшаларында бөлісіп, Америкаға жол тартқанын мәлімдеді.

«Біз бала күнімізден армандаған Америкаға жолға шықтық… Бұйырса, Америкаға ұшып бара жатырмыз. Апам қасымда. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өзім алып бара жатырмын», – деп жазды Олжас Абай.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа сәтті сапар тілеп, жылы лебіздерін білдірді.