«Тәтті бала…»: Динара Сәтжан сүйінші жаңалығын айтты

Бүгін, 06:55 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Журналистің айтуынша, оның ұлы Даниял Өскенбай сүйіктісіне сөз салып, отбасында үлкен қуаныш орын алған. Осылайша, тележүргізуші жақын арада ене атанбақ.

«Қасиетті айда Даниял өз сүйіктісіне сөз салды. Мына тәтті ұл жақында үйленеді», – деп жазды Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары тележүргізушіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырды.