Дильназ Ахмадиева ұлының дерті туралы айтты

Бүгін, 17:37 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева өміріндегі қиын кезең туралы ашық айтып берді. Әнші ұлы Зейданға дамуының тежелуі диагнозы қойылғанын мойындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл диагноз оның ішкі күйін түбегейлі өзгерткен. Ол бұрынғыдан да сезімтал болып кеткенін және күн сайын дерлік жылайтынын айтты.

«Жүйкем қатты әлсіреп кетті, күн сайын жыладым. Тіпті бәрін қабылдасаң да, бәрібір жылайсың. Себебі көз жасы – мәселені жоққа шығару емес, күн бойы жиналған энергияны шығару тәсілі. Әсіресе, аналар жылайды. Бірақ ер адамдарға да жылаудың зияны жоқ, өйткені осылайша ішкі энергия сыртқа шығады», – деді әнші Zamandas подкастында.

Қиындықтарға қарамастан, Дильназ Ахмадиева ұлының денсаулығы үшін күресуді жалғастырып келеді және осындай жағдайға тап болған өзге отбасыларға қолдау көрсету үшін бұл мәселе туралы ашық айтуда.

Тэгтер:

әнші Бала дерт Дильназ Ахмадиева