Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақ дзюдошылары белгілі болды

Бүгін, 17:31 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Ұлттық құрама тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер:

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді

90 келіге дейін: Барақ Арқабай

100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев

Әйелдер:

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова

Айта кетейік, ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.