Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Бүгін, 15:39 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Биыл оқушылардың көктемгі каникулы 19 наурызда басталады. Бұған дейінгі каникулдар 7 және 10 күнге созылса, наурызда оқушылар 11 күн демалады. Балалар 30 наурызда мектепке оралады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрлік бекіткен 2025-2026 оқу жылына арналған оқу және демалыс кестесіне сәйкес, Қазақстанда үшінші тоқсан 8 қаңтарда басталды және 10 аптаға созылады.

Ал төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, жақында бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс берілді. Олар 9-15 ақпан аралығында демалды.