Қостанайда экологиялық заңды бұзған компаниялардан 50 млн теңге өндірілді

Бүгін, 15:34 / Алуа Арман
istockphoto.com

Заңсыз табиғат пайдаланушыларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанай облысында экологиялық бұзушылықтарға қарсы күрес күшейтілді

2025 жылы табиғатты қорғау прокуратурасы 21 "экологиялық заңсыздықтың" жолын кесті. Мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Атап айтқанда, Қостанай қаласының өнеркәсіптік аймағында "Групп Строй Сервис" ЖШС қажетті рұқсатсыз бетон зауыты мен асфальт араластырғыш қондырғының жұмысы ұйымдастырылды.

Кассациялық алқаның 2026 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен компанияға құқыққа қарсы қызметке тыйым сала отырып, 5,4 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұлдың мөлшерін анықтау кезінде сот шығарындылардың екі көзі заңсыз жұмыс істегенін ескерді.

Экологиялық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда. 

Тэгтер:

Айыппұл экология Қостанай облысы заң бұзу