Ақмола облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бүйректі 25 мың АҚШ долларына заңсыз сату фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыстық іс материалдары бойынша Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде өз органын сату ниеті туралы хабарландыру жариялаған. ҰҚҚК қызметкерлері ерекше хабарландыруға қызығушылық танытып, арнайы іс-шаралар кешенін өткізді, соның нәтижесінде қатысушы Көкшетауда қолма-қол ақша алған кезде ұсталды.
Мән-жайды анықтау барысында қазақстандықтың мұндай хабарландыруларды бұрын да орналастырғаны анықталды. Ұстау кезінде полицейлер қолма-қол ақша, ұялы телефон,медициналық анықтамалар мен талдауларды тәркіледі.
Қазір қылмыстық істі тергеу аясында полицейлер мән-жайларды анықтап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.