Сотталушы келіншек Instagram әлеуметтік желісінде, тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдамалар және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған жарнамалық хабарландыру берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Азаматтарды жаңылыстырып және олардың сенімін теріс пайдалана отырып, ол жәбірленушілерден ақшалай қаражат алып, оларды өз мүддесіне жұмсап, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, оларға 7,7 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген.
Сот үкімімен кінәлі азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде аса сақ болуға, интернеттегі жеңіл табыс, арзан турлар мен инвестициялар туралы ұсыныстарға сенбеуге, әлеуметтік желілер арқылы қызмет ұсынатын тұлғаларды мұқият тексеруге және алаяқтық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.