Ақтау қаласының прокуратурасы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жалған терроризм әрекеттерінің алдын алу мақсатында жасанды интеллект технологияларының көмегімен арнайы бейнеролик дайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көрінеу жалған терроризм актісі туралы хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Прокуратура азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және жалған хабарламалардың ауыр құқықтық салдары бар екенін есте ұстауға шақырады.
Қоғамдық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі.