Қызылорда облысында тағы бір ауыл алкоголді өнімдерден бас тартты

Бүгін, 09:59 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қызылордада береке мен бірлікті ту еткен тағы бір елдімекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Арал ауданындағы Мергенсай ауылдық округінің тұрғындары ақсақалдар кеңесі, әкімдік және учаскелік полиция инспекторының бастамасын бірауыздан қолдап, салауатты өмір салтын таңдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылданған ортақ шешімнің нәтижесінде соңғы 3 жыл ішінде ауылда бірде бір қылмыс тіркелмеген. Мал ұрлығы мен өзге де құқық бұзушылықтар толықтай тоқтатылған. Бұл – халық пен полицияның өзара сенімге негізделген жүйелі жұмысының нақты жемісі.

Аталған бастама аясында Арал ауданы бойынша ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 10-ға жетті.

Мергенсайлықтардың бұл бастамасы – "Заң мен тәртіп" қағидатының нақты жүзеге асуының жарқын көрінісі.