Былтыр Ұлттық ұлан сарбаздары 1300 білім грантына ие болған

Бүгін, 09:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылы Ұлттық ұланның 1300 мерзімді әскери қызметкері «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында білім беру гранттарының иегері атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және мерзімді әскери қызметті табысты өткерген азаматтарға мемлекеттік гранттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны конкурс жеңімпаздарын оқуға қабылдау жөнінде меморандумдарға қол қойған. Тегін білім алумен қатар, қатысушыларға шәкіртақы және жатақханадан орын беріледі.

Өтінімдер 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 2026 жылғы 28 ақпан аралығында қабылданады. Биыл құқықтық тәртіп әскері қатарындағы 2600-ден астам мерзімді қызмет сарбазы байқауға қатысуға өтінім берді. Гранттар жауынгерлік даярлықта, тәртіпте және қызметтік міндеттерді орындауда үздік нәтиже көрсеткен ең үздік сарбаздарға табысталады.

Тэгтер:

білім гранты әскери қызметкер Ұлттық ұлан сарбаз