Асхат Садырбай өзіне тағылған айыптауларға жауап берді

Бүгін, 09:05 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Кеше әлеуметтік желіде «бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызының арызы негізінде Асхат Садырбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалыпты» деген ақпарат тараған болатын. Журналист өзіне тағылған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Достар, бүгін мен тағы бір ақпараттық шабуылға тап болдым. Біраз адам алаңдап хабарласып жатыр. Маған 4 ай бұрын “қылмыстық іс” қозғалыпты мыс. Ең қызығы мен одан мүлдем хабарсызбын. Бұл айыптауларға қатысты өткен жылы сот болған. Оның барлық сатысынан өтіп, менің мұндай әрекет жасамағаным заңмен дәлелденген. Сот шешімі шыққан. Бірақ айыптаушы тарап сот шешімін орындамай жүргеніне жарты жыл болды. Сәл сабыр етіңіздер. Ешқандай жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Қолдауларыңызға рахмет!», - деп жазды фейсбук желісіндегі парақшасында.

Тэгтер:

журналист қылмыстық іс Асхат Садырбай айыптау жала Айғаным Болатқызы