Ұлттық банк 24 ақпанға арналған ресми валюта бағамын жариялады

Бүгін, 07:06 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, 24 ақпандағы шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ресми дерекке сәйкес, АҚШ долларының бағамы – 497,33 теңге, еуро – 586,70 теңге.

Сондай-ақ:
Ресей рублі – 6,48 теңге,
Қытай юані – 71,99 теңге,
Фунт стерлинг – 671,59 теңге,
БАӘ дирхамы – 135,41 теңге,
Қырғыз сомы – 5,69 теңге,
Түрік лирасы – 11,35 теңге.
Айта кетейік, валюта бағамы күн сайын жаңартылып отырады.