Бүгін Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқитын болады

Бүгін, 06:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана қаласының Білім басқармасы 0-9 сынып оқушылары сейсенбі, 24 ақпанда қашықтан оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz елордалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Білім басқармасы деректері бойынша, 2026 жылғы 24 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Айта кетсек, бүгін Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -16 градусқа дейін жетіп, түнде -29 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с деңгейінде болады.