Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен ажал құшты

Бүгін, 05:21 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 14 ақпанда болған. Жол-көлік оқиғасынан кейін қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны өте ауыр жағдайда қабылдаған. Науқас терең комада болып, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермеген.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 23 ақпан күні таңертең бойжеткеннің көз жұмғанын растады. Апат салдарынан ол көптеген ауыр жарақат алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігерлер Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыздың жағдайы аса ауыр екенін хабарлаған еді. Оқиғаның мән-жайы құзырлы органдар тарапынан анықталып жатыр.