Илья Малинин: Михаил Шайдоровпен бірге Қазақстанға барғым келеді

Бүгін, 01:04 / Дана Ізтілеуова
The Associated Press

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының басты фавориті саналған америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин Михаил Шайдоров пен Қазақстан туралы ойын ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Михаил – керемет адам әрі өте дарынды спортшы. Оның техникалық шеберлігі ерекше жоғары деңгейде. Екеуіміз де спортты алға жылжытып, техникалық мүмкіндіктеріміз арқылы оны жаңа деңгейге көтеруге тырысып жүрміз.

Әрдайым өзімізді жетілдіріп, мүмкіндігіміздің шегіне жетіп, ең үздік спортшы болуға ұмтыламыз. Онымен бір мұз айдынында өнер көрсету – үлкен мәртебе. Өзімнің өнер көрсетуімнен кейін де оны құттықтауға бардым. Өйткені оның осы деңгейге жету үшін қаншалықты еңбек еткенін, қанша күш-жігер, уақыт пен табандылық жұмсағанын жақсы білемін. Мұндай еңбекқорлық пен қайсарлықты мен жас кезімде өзімнен де көргенмін.

Қандай жағдай болмасын, алға ұмтылуды тоқтатпау керек. Сондықтан мен ол үшін шын жүректен қуандым», – дейді спортшы.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта Михаил Шайдоровпен бірге Қазақстанға барғысы келетінін де айтып өтті. 

«Ол ел туралы көптеген жақсы пікір естідім. Шайдоровпен немесе Қазақстандағы басқа да спортшылармен бірге барып қайту қызықты болар еді. Менің ойымша, бұл өте керемет сапар болар еді», – дейді Илья Малинин.

Еске сала кетейік, екі дүркі әлем чемпионы деген атағы бар, ең қымбат техниканы меңгерген Илья Малинин командалық сында жеңімпаз атанғанымен, жекелей сында сәтсіз өнер көрсетіп, 8-орынға табан тіреген еді.

Тэгтер:

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 Илья Малинин