Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта Испанияның «Картахена» командасымен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Матчқа молдовалық Виктор Бутенко бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.
Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Екінші таймның басында алматылықтардың қақпашысы Вандесон Силва (21-минут) гол соқты. Алайда кейін Дарьо Хиль мен Жуниньо 25-минутта он секунд ішінде екі гол соғып, қонақтарға жеңіс сыйлады. Есеп — 2:1.
Айта кетейік, командалар арасындағы жауапты матч 7 наурызда Картахенада өтеді.