Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?

23 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы

2026 жылы жаһандық экономика 3,1%-ға өседі деп болжанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірақ осы өсімнің негізгі салмағын кім көтереді? Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)  болжамына сәйкес, әлемдік экономиканың басты қозғаушы күші – Қытай мен Үндістан. 

Қытай – бірінші, Үндістан – екінші

Қытай 2026 жылы жаһандық нақты ЖІӨ өсімінің 26,6%-ын қамтамасыз етеді. Ел экономикасы 4,2%-ға ұлғаяды деп күтіледі. Өсім қарқыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда баяулағанымен, Қытай экономикасының көлемі үлкен болғандықтан, оның әлемдік өсімдегі рөлі басым. 

Үндістан 6,2% өсіммен екінші орында тұр. Оның жаһандық өсімге қосатын үлесі – 17%. Екі ел бірігіп, 2026 жылғы әлемдік экономикалық өсімнің 43%-дан астамын қамтамасыз етеді. Бұл – жаһандық экономикалық орталықтың Азияға қарай ығысқанын аңғартады.

АҚШ пен Еуропа: өсім бар, қарқын баяу

Дамыған мемлекеттер арасында ең ірі үлес АҚШ-қа тиесілі. 2026 жылы Америка экономикасы 2,1%-ға өсіп, жаһандық өсімнің 9,9%-ын береді.

Еуропаның жиынтық үлесі 9,5% шамасында. Германия, Франция, Италия, Испания секілді елдер үлес қосқанымен, халық санының қартаюы мен қаржы жағдайының қатаюы аймақтың экономикалық белсенділігін тежеп отыр.

Дамушы нарықтар күшейіп келеді

Алғашқы ондыққа Индонезия, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Вьетнам, Бразилия және Нигерия кірді. Бұл елдер 3,7%-дан 5,6%-ға дейін өсім көрсетеді деп күтілуде. Яғни дамушы экономикалар жаһандық өсімнің маңызды бөлігіне айналды.

Қазақстанның орны қандай?

Қазақстан 2026 жылы 4,8% өсім көрсетеді деген болжам бар. Елдің жаһандық өсімдегі үлесі – 0,7%. Көрсеткіш ірі экономикалармен салыстырғанда шағын болғанымен, аймақтық деңгейде бұл маңызды динамика.

 2026 жылғы жаһандық нақты ЖІӨ өсіміне үлес қосатын алғашқы 30 ел (рейтинг):

1. Қытай – 26,6%

2. Үндістан – 17,0%

3. АҚШ – 9,9%

4. Индонезия – 3,8%

5. Түркия – 2,2%

6. Сауд Арабиясы – 1,7%

7. Мысыр – 1,7%

8. Вьетнам – 1,6%

9. Бразилия – 1,5%

10. Нигерия – 1,5%

11. Бангладеш – 1,3%

12. Филиппин – 1,3%

13. Ресей – 1,1%

14. Польша – 1,0%

15. Германия – 0,9%

16. Ұлыбритания – 0,9%

17. Пәкістан – 0,9%

18. Малайзия – 0,9%

19. Аргентина – 0,9%

20. Испания – 0,9%

21. Оңтүстік Корея – 0,9%

22. Мексика – 0,8%

23. Қазақстан – 0,7%

24. БАӘ – 0,7%

25. Жапония – 0,6%

26. Франция – 0,6%

27. Канада – 0,6%

28. Тайвань – 0,6%

29. Австралия – 0,6%

30. Италия – 0,5%

Тэгтер:

әлем экономика