Тараз қаласының №2 соты алдын-ала сөз байласып, бопсалау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотталушылар Ж, А, және К есімді үш азамат жәбірленуші Б-дан Ж-ның «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбаларды жою үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңге талап еткен. Жазбаларда жәбірленуші директоры болып табылатын спорт кешені ғимаратының кемшіліктері баяндалған.
Бұдан басқа, болашақта мұндай ақпарат таралмауы үшін олар А. есімді әйелді жұмысқа қалпына келтіруді, сондай-ақ комплеанс-қызмет қызметкері – азамат Г.-ны жұмыстан шығаруды талап еткен. Жәбірленуші Б. осы талаптарға келісім беріп, сотталушы К.-ға 2,5 млн теңге және екі дана жылдық абонемент берген.
Сотталушылардың кінәлары істің қолда бар материалдарымен және куәлердің айғақтарымен толық дәлелденді.
Сотталушылар Ж. және К. кінәларын мойындамай, соттан оларды ақтауды сұрады.
Сотталушы А. кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сот сотталушылар Ж. мен К. үшін жеңілдететін мән-жайлар ретінде соттылықтарының болмауын және кәмелетке толмаған балаларының болуын, ал сотталушы А. үшін кінәсін толық мойындауы мен соттылығының болмауын таныды.
Сот үкімімен сотталушылар ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға:
- Ж. – 3 жылға бас бостандығынан айыру;
- А. және К. – 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.