25 ақпанда Ақтауда сиреналар іске қосылады

Бүгін, 17:21 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Ақтау қаласында 25 ақпан күні сағат 11:00-ден бастап сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«25 ақпан күні Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен: 2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу»тақырыбы бойынша құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.

Өткізілетін іс-шаралар кезінде ақпанның 25 күні сағат 11:00 бастап сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, - делінген хабарламада.