Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.
Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.