Астанада шетелдік алаяқ зейнеткерден 6 млн теңге алып кеткен

Бүгін, 15:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қаласында 78 жастағы зейнеткер телефон алаяқтығының құрбаны болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгісіз ер адам зейнеткерге бейтаныс нөмірден хабарласып, өзін Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде таныстырған. Алаяқ оның шотында күмәнді операциялар жүргізіліп жатқанын айтып, ақшасын «сақтап қалу» үшін беруге көндірген.

Алаяққа сенген әйел 6 миллион теңгені такси курьеріне табыстаған, кейін ол қаражатты белгісіз адамға берген.

Кейін зейнеткер алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

«Anti-Fraud» жедел іс-шарасы аясында құқық қорғау органдары күдіктіні — 33 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыстық схеманың өзге де қатысушылары анықталуда.

«Полиция азаматтарды қырағы болуға және ақша қаражатын үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. Банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қолма-қол ақшаны курьерлер арқылы беруді талап етпейді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Алаяқ зейнеткер Ұлттық банк шетелдік алаяқ