Шымкентте балкон жөндеп жатқан жұмысшы 5-қабаттан құлап, көз жұмды

Бүгін, 12:52 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласында жұмысшы бесінші қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы абайсызда тайып кетіп, бесінші қабаттан құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын белгілеу үшін тексеру тағайындалды.

Тэгтер:

Шымкент жұмысшы балкон 5-қабат