Елімізде жаңа газ компаниясы құрылмақ

Елімізде жаңа газ компаниясы құрылмақ

Елімізде жаңа газ компаниясы құрылмақ
ашық дереккөзі

Қазақстанда жаңа «ҚазақГаз» ұлттық газ компаниясы құрылады. Бұл туралы мұнай-газ саласындағы дереккөзіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды. «ҚазТрансГаз және оның еншілес компаниялары — ҚазТрансГаз-Аймақ, Интергаз Орталық Азия және басқа да еншілес компаниялар ұлттық ҚазақГаз компаниясына бірігіп, ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясынан барлық активтерді шығарады.

Аталған шешімді 1 мамырдан кейін жарияланады»,- деді дереккөз. Тіпті ҚазақГаздың жаңа басшысы ҚазТрансГаздың бас директоры Қайрат Шәріпбаев болуы мүмкін. Ал ұлттық компанияның құрылымы қайта құру үшін 2 мың қызметкерді қысқарту талап етіледі. «Жұмысты оңтайландыру үшін 2 мың қызметкерді қысқарту туралы шешім қабылданды», — делінген аталмыш хабарламаның соңында. «ҚазТрансГаз» АҚ негізгі қызметі магистарльді газқұбыры бойынша табиғи газ тасымалдаумен, ішкі және сыртқы нарықтағы газ сатылымымен айналысып, газ құбыры мен газ қоймаларын салып, қаржыландырып, пайдалануға жіберу. ҚазТрансГаз компаниясының құрамына «Амангелді Газ» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азия газ құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, «КырКазГаз» ЖШҚ; «КазТрансГаз Аймак» АҚ, «КазТрансГаз-Алматы»АҚ , КазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ; «КазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС деген 9 еншілес компания кіреді.