«Қымыз іштім»: Павлодарда жеке сот орындаушылар палатасының басшысы қамалды

Бүгін, 12:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар қаласында өңірлік Жеке сот орындаушылар палатасының басшысы мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар қаласының ЖСО палатасының басшысы Даурен Исабеков 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Ер адам 21 ақпанда таңғы сағат 5 шамасында Hyundai Santa Fe автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған кезінде тоқтатылған. Исабеков кінәсін толық мойындап, көп мөлшерде қымыз ішкенін түсіндірген.

Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Тэгтер:

Павлодар қамауға алынды сот орындаушы қымыз жеке сот орындаушылар палатасы