Астанада 22 жастағы бойжеткен көлігіне арнайы жарық сигналдарын заңсыз орнатқан

Бүгін, 11:59 / Алуа Арман
polisia.kz

Елорда саябағында заңсыз жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қалалық саябақтардың бірінің аумағында Hyundai автокөлікті басқарған 22 жастағы жүргізуші қыз анықталды.

Тексеру кезінде жүргізушінің көлігіне арнайы және жедел қызмет автокөліктеріне ғана рұқсат етілген жарық сигналдық құрылғыларын өз бетінше заңсыз орнатқаны белгілі болды.

Заңсыз орнатылған жарық құрылғылары оқиға орнында тәркіленді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылық үшін заңнамаға сәйкес айыппұл көзделген.

Елорда полиция департаменті көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгерістер, оның ішінде қосымша жарық немесе өзге де жабдықтарды орнату міндетті түрде уәкілетті органдармен келісіліп, заң талаптарына сәйкес тіркелуі тиіс екенін ескертеді.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді көлік құралын өз бетінше өзгерту әрекеттерінен бас тартып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Тэгтер:

жарық жүргізуші бойжеткен сигнал саябақ