Екі облыста жол жабылды

Бүгін, 10:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ауа-райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 23 ақпан сағат 10:40-та ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі:

Абай облысы

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырым аралығы (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 778-1013 шақырым аралығы (Аягөз қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін).

Жолды 2026 жылғы 23 ақпан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Тэгтер:

ауа райы автожол тасжол трасса