Ауа-райына байланысты Астана маңына қатынайтын үш автобус тоқтады

Бүгін, 10:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, ауа райының нашарлауына және автожолдардың жабылуына байланысты № 315, 316, 327 қала маңындағы бағыттарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қалған қала маңындағы бағыттар желіде жұмыс істеп тұр.

Астана тұрғындарына сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру ұсынылады.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Тэгтер:

ауа райы Автобус Қоғамдық көлік