Алматы тауларында бір турист қар астында қалып, көз жұмды

Бүгін, 10:18 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы тауларында, Медеу ауданының Титов асуында, 3400 метр биіктікте екі турист қар астында калып қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың бірі қар астынан өзі шыққан. Екінші турист шыға алмаған.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді.

 

Тэгтер:

Қар қар көшкіні Турист Алматы таулары Медеу ауданы Титов асуы