Шымкентте саябақтан ер адамның мәйіті табылды

22 ақпан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Шымкентте дендропаркте ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Ер адамды куәгерлер тауып алып, полиция шақырған. Полиция өз-өзіне қол жұмсау бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді Шымкент полициясында.