Ақтауда қасиетті Рамазан айында тегін автобус қатынайды

Бүгін, 19:35 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақтауда қасиетті Рамазан айында тарауық намазынан кейін тегін қоғамдық көлік қатынайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тегін автобус қатынасы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.

"Бұл бастама қала тұрғындарының кешкі құлшылықтан кейін үйлеріне қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Автобус бағыты 26-шағын ауданда орналасқан облыстық "Бекет ата" мешітінен басталып, қаланың жоғары шағын аудандарын қамтиды.

Қоғамдық көлік күн сайын тарауық намазы аяқталғаннан кейін жолға шығып, белгіленген бағыт бойынша қатынайды.