«Ей, жақсылар»: Әнші Еркін Нұржанов күтпеген жазба жариялады

Бүгін, 16:39 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Еркін Нұржанов қасиетті Рамазан айында қызды болғанын айтып, жұртшылықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің бесінші перзенті 20 ақпанда өмірге келген. Отбасының қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жыр жолдары арқылы жеткізді.

"Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Ей, жақсылар, сүйінші, қызды болдым,
Рамазанның алғашқы жұмасында", – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, жаңа туған сәбиден бөлек, Еркін Нұржанов пен жары Динараның отбасында екі ұл мен екі қыз өсіп келеді.