Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, көру мүмкіндігі шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер мен солтүстік-батыс циклоны өз ықпалын сақтайды.
22 ақпанда Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауады. Бұл тас жолдардағы ахуалды қиындатып, көлік қозғалысын шектеуге себеп болуы мүмкін, – деп ескертті "Қазгидромет" мамандары.
Республиканың басым бөлігінде тұман, қатты жел және көктайғақ болады.